2021 жылғы 29 тамыз - Жалпыұлттық аза тұту күні - 29 августа 2021
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. ⠀ «Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады», - деп жазды Тоқаев. ⠀ Марқұмдардың жақындарына қайғыра