Мамыр айының басына дейін Алматыдағы 240 балабақша, мектептер,
Мамыр айының басына дейін Алматыдағы 240 балабақша, мектептер, колледждер мен интернаттар «бұлтты бухгалтерияға» көшеді. Бүгін Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингінде «бұлтты бухгалтерия» жобасы туралы еске салды. Оған 2021 жылдың 1 қыркүйегінде толығымен көшу күтілуде. Алматыда жаңа жүйеге көшу 1 сәуірде басталды. Мегаполисте 451 мемлекеттік білім беру ұйымында қаржы-шаруашылық қызметін жаңа форматта жүргізу